18 мамыр Астана қаласында аутизм мәселесіне назар аудару мақсатында болатын жыл сайынғы Run for autism қайырымдылық марафоны өтеді.
Жиналған қаражат «Болашақ» қорының «Әр бала мектепке баруға лайық» бағдарламасы аясында аутизм және басқа менталдық ерекшелігі бар балаларды қолдауға бағытталады.
Жарысқа қатысу үшін кәсіби спортшы, марафонға қатысушы, блогер, БАҚ өкілдері, ерекше балалар мен олардың ата-анасы шақырылады.
Жүгіріс төрт қашықтықта өтеді:
• 1 км – 5 990 теңге.
• 2,5 км – 6 990 теңге.
• 5 км – 7 990 теңге.
• 10 км – 8 990 теңге.
Шарттары:
– Әр қатысушы жарысқа тек бір қашықтықта қатыса алады.
– Әр санатта бірінші, екінші және үшінші орын алған жарыс жеңімпаздары дипломмен марапатталады.
– Мәреге жеткендердің барлығына жынысына, жасына және таңдаған қашықтығына қарамастан медаль беріледі.
– Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері жүгіріске тегін қатысады.
Іс-шара аясында ерекше балаларға арналған «Көңілді старттар» спорттық-ойын эстафетасы өткізіледі.
Жүгіріске қатысушылар арасында Samsung Galaxy S 24 смартфондары, «Argymaq» премиалды брендінен құны 250 000 теңге сертификаттар, «Coffee Day» әлемдік кофеханалар желісінен құны 15 000 теңге және 20 000 теңге сертификаттар, «Templ» фитнес орталығынан жылдық абонемент және тағы басқа бағалы жүлделер ұтысы өткізіледі.
Жарыс Астана қаласында Триатлон паркте 18 мамыр күні сағат 08:00-де басталады.
Қашықтықтар бойынша жүгіріске тіркелу: мына жерде
«Көңілді старттар» эстафетасына тіркелу: мына жерде
Ұйымдастырушы:«Болашақ» Корпоративтік қоры Астана қаласы әкімдігі.
2023 жылы бірінші «Run for autism» қайырымдылық марафоны өткен болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.