Финалдық бәсеке де үш сетке созылды.
Қазақстандық теннисші Грузиядағы турнирдің чемпионы атанды
Фото: ktf.kz
928
оқылды

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Тбилиси (Грузия) ITF турнирінің чемпионы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Г.Ломакин мен чехиялық Марек Генгел жартылай финалда Израиль өкілдері Орел Кимхи – Офек Шимановты тартысты матчта тізе бүктірді – 6:7 (10:12), 6:3, 10:5.

Финалдық бәсеке де үш сетке созылды. Онда қазақстандық-чехиялық жұп корт доданың 2-ракеткалары, корт иелері Александр Бакши – Зура Ткемаладзені жеңді – 2:6, 7:6 (7:3), 10:8.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.