Төбелестің бейнежазбасы желіге тарап кетті.
Ақтауда мектеп оқушылары сыныптасын жабылып ұрып-соққан
518
оқылды

Telegram-арналардың бірінде жарияланған  жазбаға сүйенсек, Маңғыстау облысындағы №28 мектептің оқушылары қатарласын топтасып ұрып-соққан, деп жазады Aikyn.kz.

Видеодан оқушыны әуелі ғимараттың артындағы спорт алаңынан қалай алып кеткенін көруге болады. Сосын балалар оны тепкілейді.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

«Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа деректер жария етілмейді», - деп хабарлады полиция.