7 мамыр – Отан қорғаушы күні Алматы облысының тұрғындары Алматы-1 теміржол стансасында су тасқыны болған апатты аймақтан, Батыс Қазақстан облысынан оралған Алматы облысының құтқарушылары мен еріктілерін қарсы алып, құрмет көрсетті.
Мереке күнгі марапат
730
оқылды

Алматы облысынан сәуір айының ортасында Батысқа 171 техника, 50 құтқарушы және 15 ерікті жіберілген. Олар Батыс Қазақстанда орын алған алапат тасқынның алдына тосқауыл қоюға, адамдарды құтқаруға көмектесіп, апат зардаптарын жоюға атсалысты.

Талғарлық жүргізуші Елдар Исаевтың айтуына қарағанда, олар уақытпен санаспастан тас­қынмен күресіп, адамдар мен олар­дың мал-мүлкін аман алып қалуға тырысқан. «Біз, жүргізу­шілер суды бөгейтін дамба тұрғызу үшін күніне 15 рет құм мен топы­­­рақ жеткізіп отырдық. Кейде та­мақтануға уақыт таппай қала­тынбыз. Соның арқасында Чапаев ауданында ұзындығы 8 шақы­­­­­рымнан асатын дамба тұрғыздық. Бірнеше ауылды аман алып қал­дық», – дейді ол. 

Сол 7 мамыр күні облыс орта­лығы Қонаев қаласында өңір бас­шысы Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен Отан қорғаушы күніне орай салтанатты жиын өтті. Онда облыс әкімі өңірдегі Қарулы Күштер мен қорғаныс істері сала­сының қызметкерлерін мара­паттады. Олардың арасында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилер де бар. 

«Алматы облысының әкімдігі аумақтық қорғаныс жүйесін да­мыту бойынша нақты шара­лар­ды қолға алып, үлкен істер ат­қаруда. Биыл дербес облыстық жұ­мыл­­дыру дайындығы басқар­масы құ­рылды. Басқарма құрудағы басты мақсат – әскери қызметтегі аза­мат­тардың дайындықтарын және жастарды әскери қызметке шақы­ру жұмысын күшейту еді. Аталған қадамның алғашқы оң нәтижесі ретінде биыл көктемгі әскери қыз­метке шақыру жоспа­­­рының арты­ғымен орындалып жатқанын атап өтуге болады. Сонымен қатар жыл­да Қорғаныс министрлігімен бірге өткізілетін әскери жиын­­дар­дың сапасы барынша артуда. Мұн­дай шараның бірі өткен апта­да Талғар ауданында ұйымдас­ты­рылды. Осындай жұмыстар арқы­лы жергілікті атқару орган­дары Отанымыздың қорғаныс жүйесін дамытуға өз үлестерін қосуда. Қа­ру­лы күштердің әлеуетін арт­тыру – баршамыздың басты міндетіміз бола бермек!» – деді об­лыс әкімі Марат Сұлтанғазиев. 

Мереке күні марапатқа ие бол­ғандар қатарында №32363 әскери бөлім подполковнигі Ғани Аяз­беков, старшина Бауыржан Беде­ров, аға сержант Ербол Сарсек болды. Сонымен қатар Ақтөбе жә­не Солтүстік Қазақстан облыс­тарындағы №58012 әскери бөлім­нің әскери қызметшілері подпол­к­овник Төлеген Назаров, майор Айдос Бақытбеков, аға лейтенант Дінислам Қалибеков, 2-ші сы­ныпты сержант Саят Ақан, 3-ші сынып­ты сержант Айбек Сәрсенов бар. 

Салтанатты жиын соңында №32363 әскери бөлімінің ко­ман­дирі, гвардия полковнигі Б.Аман­­қалиев қызметтестері астынан Ал­маты облысы тарапынан көр­­сетілген құрметке алғысын жеткі­зіп, барша ерлер қауымын мереке­мен құттықтады.

Болат АБАҒАН, 

Алматы облысы