Агенттіктің Жетісу облысы бойынша департаменті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті Жетісу облысы бойынша департаментінің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, – деп жазады Aikyn.kz.
Ол мүгедектікті ұзартқаны және тағайындағаны үшін 2 және 3-санаттағы мүгедектерден делдалдар арқылы жүйелі негізде 20-дан 25 мың теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілінді.
Кінәсін толық мойындауына байланысты сот күдіктіге қатысты "электронды білезікті" қолдану арқылы "үйқамақ" бұлтартпау шарасына санкциялады. Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.