Өңірде жалпы ұзындығы 520 шақырымнан асатын су тасқынына қарсы бөгеттер салынды.
Атырау облысында Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп жатыр
1,786
оқылды

Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты кейбір елді мекендерді су басу қаупі әлі де сақталуда,   деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша, 11 мамырда сағат 09.00-дегі жағдай бойынша Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп жатыр.

Атырау   533 см, тәулігіне + 5 см. 

Индербор ауданы   1 026 см, тәулігіне +12 см.

Махамбет ауданы   939 см, тәулігіне +15 см. 

Айта кетейік, Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидропостында деңгей сыни белгіден асып түсті. Су тасқыны жагдайы ҚР ТЖМ құтқарушылардың бақылауында.