Құзырлы ведомство бүгін республикамыз бойынша су тасқынынан зардап шеккен 54 389 адам өз үйіне оралғанын, ал 5 281 адам, оның ішінде 2 242 бала әлі эвакуациялау пункттерінде қалып отырғанын нақтылады, – деп жазады Aikyn.kz.
"5281 тұрғын үй мен 2242 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 18,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді", – делінген ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінде.
Жедел желі телефонына 2 261 қоңырау түсті.
Айта кетсек, 11 мамырда ТЖМ Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты кейбір елді мекендерді су басу қаупі әлі де сақталып отырғанын хабарлады.