Мемлекет басшысының өкімімен Константин Вадимович Канцеров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Еске сала кетейік, жылдың басында Шыңғыс Жақыпов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалған еді.
Ал қызметті Сәкен Исабеков басқарады.