ҚР Үкіметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылғы көктемде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу жұмыстарын жалғастыруда.
Су тасқыны: 20 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды
659
оқылды

Бүгінде  20 601 отбасы 7,4 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, – деп жазады Aikyn.kz.

Мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,1 млрд теңгеден асты.

11 мамырдағы жағдай бойынша 130 отбасы ескі тұрғын үйлерінің орнына жаңа баспанаға ие болды. Бұл ретте Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға берілетін 239 жаңа үй салынып жатыр. Сонымен қатар 568 отбасы 710 млн теңгеден астам сомаға тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды. Жалпы алғанда, зардап шеккен өңірлерде 9 995 тұрғын үй тексеріліп, 7 522 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді.

Залалды өтеу жұмыстары жалғасуда және Үкіметтің қатаң бақылауына алынған. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша, барлық зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.