Алматының Бостандық ауданындағы мейрамханалардың бірінен өрт шықты, – деп жазады Aikyn.kz.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мейрамханада өрт шыққаны туралы хабарлама 11 мамыр күні сағат 10.30 шамасында түскен.
«Бостандық ауданының өрт сөндірушілері «Окадзаки» мейрамханасына шықты. Анықталғанындай өрт мейрамхана кешенінің ас бөлмесінде тұтанған. Қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда келушілер ғимараттан шығып үлгерді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сағат 10.34-те оқшауланып, сағат 10.37-де толық сөндірілді.