Асылбековтің журналистерге мәлімдеуінше, науқастардың бірі әлеуметтік желіде қалалық ауруханалардың бірінде сапалы медициналық қызмет көрсетілмейтінін жазған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жергілікті басылым авторы бұл жерде жемқорлық фактісі бар деп есептеп, Шымкенттің бас дәрігерін ақша үшін бұл жайтқа көз жұмып отыр деп айыптаған.
Алайда сыбайлас жемқорлық фактісі расталмады, ал Нұрлыбек Асылбеков құқық қорғау органдарына науқастың үстінен шағымдануды жөн көргенін айтады.
"Сапалы медициналық қызмет көрсетпейді, менің тарапымнан ол бүркемеленген деп жала жауып отыр, мен сотқа бердім, себебі мен мемлекеттік қызметкермін. Сондықтан сотқа бердім", - дейді Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков.
Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының сайтында Асылбеков басқарманы 2021 жылдан бері басқарып келе жатқаны жазылған.