Сол маңдағы адамдар балақайдың әрдайым жолдың арғы бетіндегі құм үстінде ойнайтынын жеткізді.
Алматы облысында 6 жасар баланы көлік қағып, көз жұмды
Фото: zakon.kz
764
оқылды

Алматы облысының Саймасай ауылында 2018 жылғы баланы көлік қағып кетіп, мерт қылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты 10 мамырда кешқұрым Пащенко көшесінде болды. Opel Astra көлігі жолға атып шыққан баланы қағып кеткен. Көлік рулінде әйел адам болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бала жолға аяқастынан атып шыққан.

Сол маңдағы адамдар балақайдың әрдайым жолдың арғы бетіндегі құм үстінде ойнайтынын жеткізді. Әйел адам бірден жедел жәрдем көлігін шақырды, олар баланы жансақтау бөліміне жеткізді, бірақ кейінірек балақайдың көз жұмғаны белгілі болды.

Жол апатының мән-жайын Алматы облысының анықтаушысы анықтайтын болады, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.