Сонымен қатар 724 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады және жолын кесті.
Алматыда бір күнде 27 қылмыс ашылды
1,432
оқылды

Алматы қаласының полицейлері бір күнде 27 қылмыстың бетін ашты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматыда жедел жағдайды жақсарту, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, іс-шараның бірінші күні алдыңғы саптағы және жедел полиция бөлімшелері 27 қылмыстың, сондай-ақ бұрын жасалған 14 қылмыстың бетін ашты. Сонымен қатар 724 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады және жолын кесті.

Атап айтқанда 25 ұсақ бұзақылық, 102 алкогольдік ішімдіктерді ішу, 68 тыныштықты бұзу, 52 кәмелетке толмағандардың кеш уақытта ересектердің еріп жүруінсіз жүруі, 154 тіркеусіз тұру және т.б. Сондай-ақ, қала жолдарында мас күйінде көлік айдаған 8 жүргізуші ұсталып, көлік жүргізу құқығынан айырылды, – делінген қалалық полиция мәліметінде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.