Майкрософт интернеттен оқшау тыңшылар (шпион) үшін арнайы ЖИ-ді сынақтан өткізуде. Ол бұлтты ортада «ауа аралығының» көмегімен интернет қолданушылардан жасырылған.
Майкрософт интернеттен оқшау, құпия құжаттармен жұмыс істейтін ЖИ жасады
АҚШ үкіметі интернетте із қалдырмайтын ЖИ-ді қолданады. Фото sotni.ru сайтынан алынды
2,186
оқылды

АҚШ барлау агенттіктері құпия жұмыстарды өңдеу үшін Microsoft корпорациясының интернеттен оқшауланған жасанды интеллект жүйесін пайдалана бастағанын Quartz сайты жариялады. Aikyn.kz мұндай технологияның жұмыс істеу қағидаларын америкалық дереккөзге сүйеніп талдайды.

Microsoft корпорациясы АҚШ-тың барлау агенттіктері үшін құпия ақпараттарды талдайтын жасанды интеллект үлгісін жасады. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторлығы: Jim Watson/AFP

Бейсенбіде (9 мамыр) Bloomberg Microsoft корпорациясы АҚШ-тың барлау агенттіктеріне өте құпия ақпараттарды талдайтын жасанды интеллектің генеративті үлгісін енгізгенін хабарлады. Microsoft сейсенбіде (7 мамыр) Вашингтонда өткен SCSP AI Expo for National Competitiveness 2024 көрмесінде жасанды интеллектің осы нұсқасымен таныстырды. GPT-4 негізіндегі модель интернеттен толығымен бөлек және құпия деректерді қауіпсіз өңдеуге мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.

Microsoft корпорациясының стратегиялық мәселелер жөніндегі бас технологиялық директоры Уильям Чаппелл:

«Бұл бізде алғаш рет оқшауланған нұсқа болды, мұнда оқшаулау оның интернетке қосылмағанын білдіреді және ол АҚШ үкіметіне ғана қолжетімді арнайы желіде жұмыс істейтін технология. Құпия құжаттармен жұмыс істейтін ЖИ сіз қойған сұрақтардан үйренбейді, өзіне енгізілген ақпаратты басқалармен бөліспейді», – деп хабарлады Bloomberg. 

Орталық барлау агенттігі (CIA) интернеттегі ақпаратты талдау үшін ChatGPT стиліндегі жеке жасанды интеллект құралын қолданады. Фото Reuters сайтынан алынды. Авторлығы: Larry Downing

Барлау қауымдастығы ChatGPT сияқты өніммен жұмыс істеуге өте мұқтаж болды, бірақ тыңшылардың генеративті ЖИ өнімдеріне жүктейтін деректері өте құпия болғандықтан қауіпсіздік тәуекелдері тым жоғары болды. Чаппелл Bloomberg-ке өткен аптада шығарылған модель оны интернеттен оқшаулайтын «ауасы бар» екені, бұндай «ауа» оны бұлтты ортада қауіпсіз ететінін айтқан.

Көптеген ЖИ үлгілері оларға берілетін файлдардан үйренетіні белгілі, ал жаңа құпия режимдегі GPT-4-тің тыңшыларға арналған (шпиондық) үлгісі олай етпейді. Осылайша үкімет модельді таза ұстай алады және құпия ақпараттың басқа платформаларға ағып кетуіне жол бермейді.

Жаңа ЖИ жүйесі құпия деректермен жұмыс істеуге арнайы жасалған әлемдегі алғашқы ЖИ моделі, сондай-ақ интернеттен толығымен бөлек жұмыс істейтін алғашқы негізгі тіл үлгісі. Өткен жылы Орталық барлау агенттігі көптеген қоғамдық ақпаратты талдау үшін ChatGPT стиліндегі жеке жасанды интеллект құралын енгізді. Ал Microsoft-тың ЖИ нұсқасы ешқандай құпия қызметте пайдаланылмаған.

Бірақ мемлекеттік органдар, соның ішінде Пенсильвания әкімшілік кеңсесі құпия емес деректермен жұмыс істеу үшін генеративті жасанды интеллекті пайдаланады.

Microsoft соңғы 18 айды осы GPT-4 шпиондық үлгісімен айналысты, ол Айова штатында орналасқан өзінің жасанды интеллект суперкомпьютерін күрделі жөндеуден өткізді. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, модель бір апта бұрын ғана іске қосылған және оны барлау қауымдастығы сынап, аккредитациядан өткізеді.

Төмендегі фильмнің қысқаша мазмұндамасы Орталық барлау агенттігінің бұрынғы қызметкері атақты Эдвард Сноуденнің құпия құжаттары қалай ұрлағанын көрсетеді:Өте құпия жұмыс жүктемелеріне арналған жасанды интеллект үлгісін енгізу Microsoft корпорациясының киберқауіпсіздік беделі үшін маңызды кезеңмен тұспа-тұс келді.

Жақында Ішкі қауіпсіздік департаменті бұлттық провайдерді жоғары лауазымды шенеуніктердің электрондық пошталарын әшкереледі деп айыптап, Microsoft корпорациясының қауіпсіздік тәжірибесін сынға алды.

Департамент есебінде Microsoft корпорациясының қауіпсіздік мәдениеті «күрделі жөндеуді қажет етеді» делінген. Содан кейін компанияның бас директоры Сатья Наделланы «Microsoft корпорациясы үшін қауіпсіздік негізгі басымдық» деп мәлімдеме жасауға мәжбүр етті. Енді құпия құжаттармен жұмыс істейтін ЖИ оның сөзін дәлелдеуі қажет.

Microsoft мемлекеттік органдар үшін жасанды интеллект құралдарын әзірлеуін жалғастырмақшы. The Intercept журналының сәуір айындағы есебінде Microsoft Azure DALL-E нұсқасы АҚШ қорғаныс министрлігі үшін жауынгерлік құрал ретінде ұсынылғаны анықталды. Жасанды интеллекті енгізу жаңа бағыт болғанымен Microsoft әскери және мемлекеттік органдармен бұрыннан әріптестік орнатқан америкалық корпорация. 

Сондықтан дүниежүзіндегі жүздеген миллион компьютердегі америкалық корпорацияның операциялық жүйесінің көмегімен АҚШ барлау агенттіктері барлық қолданушыларды өзінің торымен шырмап алғанын мамандар жақсы біледі. Ұлттық құпия ақпарат пен деректердің қауіпсіздігі қазақ Үкіметі үшін де маңызды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.