Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісінің әйелі Карина Мамашты әлеуметтік желі қолданушылары екінші Салтанат деп атап кетті.
Бірде-бір рет кешірім сұраған емес: Дипломаттың соққыға жығылған әйелі сұхбат берді
1,526
оқылды

Nukte YouTube-арнасына берген сұхбатында ол мәселенің мән-жайын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Үмітті ақтамағанымды түсінемін, себебі елдің имиджі үшін атқарылған көп жылғы жұмыстың күл-талқаны шықты. Егер маған қатысты қайғылы жағдай болса, келеңсіз оқиға деп жылы жауып қоя салушы еді", – деді Карина Мамаш.

Дегенмен тілші бұл тек қол көтерген адамның кінәсі ғана екенін нақтылағанда, ол басын изеп, көз жасына ерік берді.

Дипломаттың әйелі он жыл бойы қорлық көрсетіп келген күйеуі енді ғана кешірім сұрағанын алға тартты.

"Түсінесіз бе, ол татуласқысы келді. Себебі ол жұмысынан, мәртебесінен айырылып қалудан қорықты, соны түсінгенде барып кешірім сұрай бастады. Әйтпесе 10 жыл бойы ұрып-соғып келгенде бірде-бір рет кешірім сұраған емес. Себебі ол бәріне өзім кінәлі секілді етіп көрсететін", – деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.