WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) ESNews арнасына сұхбат берді.
Жәнібек Әлімханұлының рингке қашан шығатыны белгілі болды
SportPress.kz
3,532
оқылды

Спортшы әңгіме барысында жаздың ортасында Лас-Вегаста рингке шығуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, – деп жазады Aikyn.kz.

Бұған дейін америкалық инсайдерлер «Қазақ стайлдың» жаңа жекпе-жегі жаңазеландиялық міндетті қарсылас Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) болатынын жазған. 

Телеарнаға сұхбатында Жәнібек қарсыласының атын атамай, жекпе-жек өтетін күнді ғана жариялады.

«13 шілде күні Лас-Вегастағы Palm Casino Resort кешенінде өтеді», – деді Жәнібек Әлімханұлы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.