Талдыкөл – Махамбет ауданында Жайық өзені жағалауындағы елді мекеннің бірі.
Атырау облысындағы Талдыкөл ауылына қауіп төніп тұр
Фото: azh.kz
3,006
оқылды

Атырау облысындағы Талдыкөл ауылына қауіп төніп тұр. Аталған аймақты су басуы мүмкін екені хабарланды, – деп жазады Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Талдыкөл – Махамбет ауданында Жайық өзені жағалауындағы елді мекеннің бірі. Бұл елді мекен Бейбарыс ауылдық округінің аумағында орналасқан. Округ әкімі Сейілбек Зұлхашевтың айтуынша, Жайық өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Талдыкөл ауылын су басу қаупі бар.

«Осы кезге дейін ауыл маңында 3 шақырымдық қорғаныс бөгеті салынды. Қазір бөгеттің 800 метр бекінісі жаңартылып жатыр. Жағалауды нығайту жұмыстарына 28 әскери қызметші мен Төтенше жағдайлар министрлігінің 15 қызметкері тартылды. Арнайы 25 техника бөлінді. Жергілікті тұрғындар мен сарбаздар бөгетке 28 мың қап төседі. Талдыкөл орта мектебінде 300 орындық эвакуациялық пункт дайындалды», – деді Сейілбек Зұлхашев. 

Оның айтуына қарағанда, фермерлер мен шаруа қожалықтарының иелеріне су басу қаупі туралы ескертулер берілген. Қауіпсіз аумаққа 200 қой-ешкі, 300 сиыр айдалған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.