Тіс проблемаларымен қиналатын пациенттер үшін жағымды жаңалықпен bgr.com сайты бөлісті. Жаңа препараттың көмегімен кімдер тістерін бүтіндей алатынын Aikyn.kz түсіндіреді.
Тісі жоқ жұлдыздардың имиджі. Фото bigpicture.ru сайтынан алынды
Адамның тістерінің тұтас әрі сау болуы тек әдемілік үшін ғана емес, адам ағзасының сау, таза екенін білдіретін көрсеткіш. Ауыз қуысының аурулары ревматизм, бүйрек және жүрек ауруларының дамуын тудыруы мүмкін. Ауру тіс есту және көру органдарына теріс әсер етеді, аллергиялық реакциялар тудырады, шаштың шамадан тыс түсуіне алып келеді. Ауру тіс емдеуге келмейтін жағдайда тіс дәрігері оны жұлып тастауға мәжбүр болады.
Жұлынған тістердің орнына протез, имплантант орнатып жатады. Бұл қымбат әрі өте күрделі операцияларды қажет ететін медициналық қызметтер.
Ғалымдар ересек адамдардың жұлынған тістерінің орнына жаңа тіс өсіру әдісін тапты. 2021 жылдан бері жалғасып келетін зерттеулердің нәтижесінде жаңа препарат жасалды. Түсіп қалған, жұлынған тістің орнына тіс өсіретін жаңа препарат осы жылы адамдарға сынала бастайды. 2023 жылы бұл препараттың клиникалық сынақтарының жоспары бекітіліп, жақын айларда адамдар арасындағы сынақтар басталмақшы.
Суперинвазивті операциялардың орнына жаңа тіс өсіруге болады. Фото istockphoto.com сайтынан алынды. Авторы: PonyWang
Сынақтың 1-ші кезеңі қыркүйек айында басталады және оған 30 ересек ер адам таңдап алынған. Сынаққа қатысушыда кем дегенде бір артқы тісі жоқ болуы керек.
2025 жылға жоспарланған 2-кезең туа біткен анодонтия диагнозы қойылған және туғаннан бері кемінде төрт тісі жоқ екі жастан жеті жасқа дейінгі пациенттерді қамтиды.
Тістерді қалпына келтіру үшін осы препараттың ашылуы және кейінгі сынақтары бірқатар себептер бойынша қызықты. Атап айтқанда, бұл өте қымбат тіс протездері бар науқастарды олардың сынуы және ауыстырылуына байланысты қымбат процедуралардан құтқарады. Имплантант қою сияқты суперинвазивті операциялардың қажеті болмайды, жұлынған тістердің орнына жаңасын өсіруге болады.
Америкалық модель Эшли Грэм де тісін жоғалтқан. Фото Instagram @ashleygraham аккаунтынан алынды
Жаңа препаратты ашқан ғалымдар тобы оны жануарларда мұқият сынап көріп, дәрінің ешқандай жанама әсерлері жоқ екеніне көз жеткізді. 2018 жылы күзендердің (хорек) жаңа тістерін препараттың көмегімен сәтті өсірген. Бұл жануарлар кездейсоқ таңдалмаған. Күзендердің тіс бүршіктері адамдікіне өте ұқсас, сондықтан препарат адамның тістерін өсіруде де тиімді болуы мүмкін екенін көрсетеді.Препарат негізінен бастапқы тіс жасушаларының сүт тістерге немесе тұрақты тістерге айналуын болдырмайтын USAG-1 деп аталатын ақуызды өшіруге бағытталған.
Егер адам сынақтары сәтті және еш қиындықсыз өтсе, көптеген пациенттер алдағы 2-3 жылда жоғалған тістерін қалпына келтіруге арналған препаратты қолдана бастайды.
Бұл препараттың негізгі мақсаты тістердің жоғалуына әкелетін генетикалық өзгерістері бар науқастарға көмектесу болса да, бұл препарат кез келген себеппен тістерін жоғалтқан әрбір адамға көмектесу үшін қолдануға болады деп үміттенеміз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.