Жаңа бағыттағы әуе рейсі аптасына екі рет ұшады.
Алматы-Нөкіс бағытында жаңа әуе рейсі ашылады
389
оқылды

2024 жылдың 1 маусымынан бастап «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы Алматы-Нөкіс бағытында тұрақты әуе рейсін бастайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа бағыт ашылған соң Қазақстаннан ұшатын халықаралық рейстердің жалпы саны 121 әуе бағыты бойынша аптасына 567 рейске жетеді. 

«Uzbekistan Airways» әуе компаниясы биыл 1 маусымнан бастап Алматы-Нөкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейс орындай бастайды. 174 орындық «Эйрбас-А320» ұшағы аптасына екі рет, яғни, сәрсенбі және сенбі күндері ұшады», – делінген хабарламада.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.