Аталған бағдарлама 25 сәуірде іске қосылған болатын.
"Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы: қанша адамның өтініші қабылданды?
1,223
оқылды

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасының алғашқы қорытындылары жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Отбасы банктің басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова аралық қорытынды бойынша мәлімет берді.

Аталған бағдарлама 25 сәуірде іске қосылған болатын.

– 10 мамырдағы жағдай бойынша 17 432 қазақстандық өтініш берді. Оның ішінде 8 945 өтініш қабылданды, олардың жартысы 3 955 өтініш тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдерінен түскен. Бұл көпбалалы отбасылар, жетім балалар, тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар, – деп нақтылады ол.

Ляззат Ибрагимованың айтуынша, бағдарламаға түскен өтініштердің 57%-ын әйелдер жолдаған.

Барлық өтініш берген азаматтың 62%-ы 35 жасқа дейінгі жастар.

Ең жас өтініш берген азамат Түркістан облысының 18 жастағы тұрғыны.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.