Бишімбаевтың ісінде жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбақова экс-министр Қуандық Бишімбаевтың неше жылға сотталуы мүмкін екенін айтты.
Қуандық Бишімбаев қанша жылға сотталуы мүмкін? – Адвокат болжамын айтты
488
оқылды

Бишімбаевтың ісінде жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбақова экс-министр Қуандық Бишімбаевтың неше жылға сотталуы мүмкін екенін айтты, – деп жазады Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

БАҚ өкілі адвокатқа "сотталушы экс-министр Қуандық Бишімбаев неше жылға сотталуы мүмкін?" деп сұрақ қойды.

"Егер бәрі дауыс берсе 3, яғни алқабилердің 10/10 дауыс беретін болса және бұрын сотталғанын, істің қауіпті екенін ескеріп көп жыл беруі мүмкін. Өзім 20-25 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы беріледі деп болжаймын", – деді Жанна Оразбақова.

Сонымен қатар Салтанаттың әкесі Амангелді Нүкенов Бишімбаевты өмір бақи түрмеге тоғытылатынына сенімді.

"Күнде өліп, күнде тіріліп жатырмыз. Бізден көбі жазаның қандай болатынын сұрап жатыр. Бүкіл әлем өмір бақи түрмеге қамау керек деп айтуда. Біз қазақпыз, сарт емеспіз. Біз дала заңын құрметтейміз. Мен бұл айуан өмір бақиға сотталады деп үміттенемін", – деді Амангелді Нүкенов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.