Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмеді.
Павлодарлық оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақтады
Фото: polisia.kz
445
оқылды

Павлодардағы №14 орта мектебінің оқушысы өз сыныптасы мен мұғалімін пышақтап, жарақаттаған. Зардап шеккендер қазір амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы Aikyn.kz Павлодар облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

– Павлодар қаласының мектеп оқушысы ұсталды. Ол сыныптасына, сондай-ақ мұғалімге пышақ салған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деді облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмеді.

Ал Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккен әйел адам мен кәмелет жасына жетпеген ер бала қазіргі уақытта жергілікті ауруханаларда ем қабылдап жатқанын жеткізді. Белгілі болғандай, мектеп мұғалімінің иығы мен кеудесі, оқушының арқасы, жауырын бөлігі және иығы жарақатталған.

«Оларды травматолог пен хирург қарап шықты. Жараларын емдеп, асептикалық таңғыштар қойылды. Науқастардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, амбулаториялық емделуге жіберілді. Зардап шеккендердің өміріне қауіп жоқ», – деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.