Экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа бүгін, сағат 17:00-де үкім шығады.
Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шығатын уақыт белгілі болды
889
оқылды

Экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа бүгін, сағат 17:00-де үкім шығады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

«2024 жылы 13 мамырда сағат 17:00-де Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланады», – деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Сот отырысынан кейін аталған сот процесінің аяқталуына арналған баспасөз-конференциясы өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.