Жараланған баланың жасы 16-да, ал ұстаз – 59 жаста.
«16 жастағы бала мен 59 жастағы мұғалім»: Павлодардағы сұмдық оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Фото: Sputnik
1,754
оқылды

Павлодардағы мектептердің бірінде өзінің қатарласы мен ұстазды пышақтаған балаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Анықталғандай, жараланған баланың жасы 16-да, ал ұстаз 59 жаста. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оларды хирург дәрігер қараған.

«Зардап шеккен әйел мен балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, олар үйіне босатылды», – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.

Полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқушы құрдасының арқасы мен иығын, ал ұстазының кеудесі мен иығын жаралаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.