Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шыққанда Салтанат Нүкенованың анасы, туыстары мен адвокаттар көз жасына ерік берді.
Бишімбаевқа шыққан сот үкімін естіген Салтанаттың анасы мен адвокаттар жылап жіберді
17,505
оқылды

Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шыққанда Салтанат Нүкенованың анасы, туыстары мен адвокаттар көз жасына ерік берді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Эмоционалды қиын болды. Жап-жас, сұлу, бүкіл болашағы әлі алдыда деп отырған әйелдің өмірін үзді. Ол бір қауым елдің ортасында өлді, оған ешкім қол ұшын бермеді. Бәрінен бұрын мені осы қорқытты. Адамдардың қатыгездігі, бейжай қарауы. Бұл бәрімізге сигнал болуы тиіс. Сіздің бейжайлығыңыз біреуді өліміне себеп болуы мүмкін», – деді сот отырысынан шыққан адвокат Жанна Оразбахова.

Айта кетейік, бүгін Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша сот үкімі шықты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.