Бишімбаев сотталса да ауыр қылмыс үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтінішті 16 жылдан кейін ғана бере алады.
2039-2040 жылдар: Бишімбаев қай уақытта түрмеден ерте шығуы мүмкін
1,008
оқылды

Бишімбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босау туралы өтінішті 2039-2040 жылдары бере алады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

«Бишімбаев сотталса да  аса ауыр қылмыс үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға байланысты  өтінішін 16 жылдан кейін ғана беруіне болады. Ол –  2039-2040 жылдар. Оған жәбірленуші тараптың пікірі ескеріледі», – деді БАҚ жөніндегі судья-үйлестіруші Алма Есімова.

Айта кетейік, Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы шенеунік Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.