Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров әйелін ұрды деп күдікке алынған Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінде кеңесші Сәкен Мамашқа қатысты түсінік берді.
Әйеліне қол жұмсаған күдікті 15 жыл дипломат болып қызмет еткен
1,097
оқылды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров әйелін ұрды деп күдікке алынған Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігіндегі кеңесші Сәкен Мамашқа қатысты түсінік берді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

«Сыртқы істер министрлігі оқиға болған сәттен бастап бұл істі ерекше бақылауға алды. Карина Мамаштың күйеуі 6 мамырда елшіліктен дереу Қазақстанға қайтарылады деген тапсырма берілді. Елге келгеннен (С. Мамаш) кейін, заңнамаға сәйкес оны қызметінен босаттық», – деді А. Смадияров министрліктегі апталық брифингіде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл ретте ресми өкіл елшіліктің бұрынғы қызметкеріне қатысты тергеу жүріп жатқанын еске салды.

«Біз бұл қылмыстық іске араласа алмайтынымыз түсінікті. Бүгін Карина Мамашпен кездестім және ол бүкіл мән-жайды айтып берді. Атап айтқанда, Сыртқы істер министрлігі Каринаға барлық көмекті жасайды», – деді ол.

А. Смадияров қызметінен босатылған С. Мамаш дипломатиялық салада 15 жылдан астам жұмыс істегенін айтты.

Бұған дейін Қазақстанның БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаш әйеліне үнемі күш көрсететіні, тіпті жұбайының әпкесіне де қол көтергені туралы ақпарат тараған еді.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі зардап шеккен қазақстандықтың БАӘ-ден отанына оралуына көмектесті. 

Карина Мамаш Қазақстанға балаларымен бірге ұшып келген. Оның анасы мен әпкесі де дағдарыс орталығына орналастырылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.