26 жастағы боксшы Жаңа Зеландия мен Аустралиядан бақса жерде жекпе-жек өткізіп көрмеген.
Жәнібектің жекпе-жегі белгіленді. Қарсыласы - 13 нокауты бар "жолдан тайған" боксшы
404
оқылды

Америкалық ESPN порталы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) 13 шілдеде Лас-Вегаста жаңа зеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жекпе-жекке шығатынын хабарлады, деп жазады Aikyn.kz.

Vesti.kz мәлімдегендей, Жәнібек бұл кездесуде орта салмақта IBF және WBO белбеулерін қорғайды. Михайлович - IBF желісі бойынша міндетті қарсылас.

Әлімханұлы соңғы рет былтыр қазанда жұдырықтасып, германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) алтыншы раундта құлатып, IBF белбеуін тартып алған. 

Renegade ("жолдан тайған") лақап атты Михайлович сәуірде бірінші раундта аустралиялық Лес Шеррингтонды нокаутқа түсірді. 26 жастағы боксшы Жаңа Зеландия мен Аустралиядан бақса жерде жекпе-жек өткізіп көрген жоқ.