Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Сегіз әйелдің анализі шықты»: туған анасын іздеп жүрген Жәнібекке қатысты тағы бір дерек айтылды
Фото: instagram.com/ kymbatdoszhan
19,855
оқылды

Тележүргізуші Қымбат Досжан туған анасын іздеп жүрген қазақ баласы Жәнібек Савельевке қатысты тағы бір жаңа дерек айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Айтуынша, сегіз әйел қан тапсырған.

"8 әйелдің анализі нөл пайыз шықты. Қалған екеуінің қан нәтижесін бүгін күтеміз", - деп жазған журналист. 

Бұған дейін Қымбат Досжан Жәнібекті сатып жіберген  әйелдің кім екенін айтқан болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.