11-сынып оқушысы өз бөлмесінде өлі күйінде табылды.
Шымкентте 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол салған
Фото: tengrinews.kz
846
оқылды

Шымкентте 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Orda.kz мәліметінше, қайғылы оқиға 12 мамыр күні болған. 

Қалалық Білім басқармасының хабарлауынша, мектептердің бірінде 11-сынып оқушысы өз үйінде суицид жасаған. 

Мектеп әкімшілігі атап өткендей, жасөспірім жақсы оқыған. Соңғы кездері ешкіммен сөзге келмеген.

– 11-сынып оқушысы өз бөлмесінде өлі күйінде табылды. Ол еш жерде есепте тұрмаған. Суицид дерегіне байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция "Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша тергеуді бастады, –  делінген хабарламада.