Назым осы уақыт ішінде өзіне де, балаларына да өте қиын болғанын мойындады.
Бишімбаевтың бұрынғы әйелі сот үкіміне пікір білдірді
Фото: Kursiv.kz
20,370
оқылды

Салтанат Нүкенованы өлтірді деп сотталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман сот үкіміне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Назым осы уақыт ішінде өзіне де, балаларына да өте қиын болғанын мойындады.

"Бір жағынан әйел ретінде, осы елдің азаматы ретінде ашық сотты қолдадым, өйткені бұл процесті қоғамның сауығуы мен терапиясына қадам ретінде қабылдаймын. Екінші жағынан, сот балалар мен маған күйзеліс болып тиді, өйткені онда адам шошырлық мән-жайлар белгілі болды. Балалар мұны қабылдап, әрі қарай да өмір сүруі керек. Әлемдегі бірде-бір балаға мұны тілемеймін. Сондықтан бәрі аяқталғанда жеңілдеп қалдық", –  деді Назым Қаһарман.

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Нүкеновтар отбасына тағы да көңіл айтты.

"Менің ойымша, алқабилер соты істің барлық ашық және жабық материалын қарап, саналы және дұрыс шешім қабылдады", –  деді ол.

Айта кетейік, Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл ресми некеде болған, олардың үш баласы бар. Ерлі-зайыпты 2020 жылы, экс-министр бұрынғы қылмыстық ісі бойынша колониядан босағаннан кейін бір жыл өткен соң ажырасқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.