Екінші сәбиіне жүкті әнші Мақпал Исабекова оның жынысын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Айта кетейік, өнер иесі Алматыдан Шымкентке қоныс аударған еді. Соңғы кезде күйеуінің қайда екенін білмейтінін, бірге тұрмайтынын жасырмады.
“Денеңді оңайшылықпен жалаңаштайсың. Бірақ ішкі жан дүниеңді біреуге ашуға қорқасың. Адам денесін сөзбен жарақаттау мүмкін емес. Ал жан дүниесін абайсызда айтылған сөздің өзі де жаралауы мүмкін", – деп екіұшты жазба жариялады эстрада жұлдызы.
Сонымен қатар әнші табиғат аясында фотосессия жасап, сәбиінің жынысын жариялады.
“Аман-есен бола ғой, балапаным, қызым! Біз сені қатты күтеміз. Бұл фотографпен екі жылда бір рет осылай кездесіп тұратынымыз бар. Екі жыл бұрын Теодорға аяғым ауыр кезде баққа барып, керемет фотосессия жасаған едік. Негізі бұл маманмен ішің пыспайды. Осы жолы ол "әдемі жерге барып суретке түсейік" деп өзі жазды. Менің жиналуым тым ұзақ. Керемет естеліктер үшін алғысым шексіз", – деп жан сырын ақтарды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.