Анасының айтуынша, қыз әкесінің туыстарына барған.
Ақтөбе облысында бұрынғы полиция қызметкері 3 жасар қызды зорлаған деген күдікке ілінді
1,266
оқылды

Ақтөбе облысында 3 жасар қыздың зорланғаны туралы ақпарат тарады. Полиция тергеуді бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

Дина Таңсәрінің айтуынша, бір әйел 3 жасар қызының зорланғанын жазған.

"Анасының айтуынша, қыз әкесінің туыстарына барған. Үйіне келгенде көкесінің тиіскенін айтып, шағым жасаған. Анасы баланы ауруханаға апарған. Дәрігер ануста 2 сантиметр сызат барын растаған. Қыздың анасы дереу полицияға арыз берген, бірақ күдікті ақша төлейді деп қорқып отыр. Оның айтуынша, ол бұған дейін полиция қызметкері болып, тіпті әкімдікте басшылық қызметте болған. Оны ауылдағының бәрі біледі, ол жақта танысы көп. Оның үстіне, анасы тергеу амалдарына баруға қорқады. Өйткені ол өз өмірі мен қызының өміріне қауіптенеді. Қыз психологиялық зақым алған, мұны психолог растады", – делінген жазбада. 

Ақтөбе облысы Полиция департаменті Massaget.kz тілшісіне бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Барлық қажетті сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданады", – делінген жауапта. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.