Б.Мусинге қатысты қылмыстық іс өндірісте жоқ.
Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалды ма? – Антикор жауап берді
фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
951
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды деген ақпаратқа қатысты жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық қылмыстық істер бөлімшелерінде бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусинге қатысты қылмыстық іс өндірісте жоқ», – делінген Антикор таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, 30 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Мусин лауазымынан босатылды.