Ілиястың артында ата-анасы, жары мен 2 кішкентай қызы қалды.
Атырауда құтқарушы қайтыс болды
Фото: instagram.com/atyrau_tjd
1,100
оқылды

Бүгін 15 мамырда Атырау қаласы №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Әбдіқасым Ілияс Мирамғалиұлы денсаулығы нашарлап қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасап.

Ілияс Әбдіқасым азаматтық қорғау органдарында 2020 жылдан бастап қызмет атқарды. Қызмет барысында өзін сан қырлы жағынан көрсете білді.

Екі дүркін өрт сөндіру кроссфиты чемпионы, гарнизондық өрт құтқару спорты сайысының чемпионы атанған болатын.

Ілиястың артында ата-анасы, жары мен 2 кішкентай қызы қалды.

"Жаны жайсаң, жарқын жан еді. Елінің тыныштығын, халқының амандығын ойлаған құтқарушы болатын.
Алды пейіш, арты кеніш болғай! Отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Әріптесіміздің иманы саламат болып, пейіште нұры шалқығай!", – деп көңіл айтты әріптестері.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.