БАҚ беттерінде оқу-жаттығу барысында қызметкерлердің бірі граната лақтырып, соның салдарынан екі полиция қызметкерінің жараланғаны туралы ақпарат тарады.
Қонаев қаласында граната жарылып, екі полицей жарақат алды
Фото: Ақмола облысы КАЖД
1,535
оқылды

Қонаев қаласында оқу-жаттығу кезінде граната жарылған. Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері жарақат алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

БАҚ беттерінде оқу-жаттығу барысында қызметкерлердің бірі граната лақтырып, соның салдарынан екі полиция қызметкерінің жараланғаны туралы ақпарат тарады. Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының Полиция департаменті мәлімдеме жасады.

"Оқу полигонында жаттығу сабақтары кезінде жарық-шу гранатасы пайдаланылып, облыстық департаменттің екі қызметкері дене жарақатын алғанын хабарлаймыз. Нәтижесінде олардың біреуі қалалық ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлайды Алматы облысының Полиция департаменті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.