Қаланың болашағы туралы көзқарасты бейнелейтін картиналар «Бәйтерек» монументі айналасында орналасқан. Елордалық жас белсенділер картиналар жасанды интеллект ChatGPT арқылы жасалғанын айтты. Олар жасанды интел-лектіден астаналықтар тарапы-нан ұқыптылық болмаса, қаланың және оның танымал орындарының жағдайы не болатынын көрсету-ді сұрады.
«Экоакция барлық қалалар мен ауылдардың тұрғындарына белсенділік танытуға мүмкіндік жасайды. Артқа қарап, қоқысты ғана емес, оны тазарту арқылы біз ертеңгі күнге қамқорлық жасайтынымызды байқаймыз. Ұқыптылық бізден басталады. Табиғат аясында демалғаннан кейін өзіңізбен алып келген заттардан қалған қоқыстарды бірге алып кету керек. Табиғатымызды, сүйікті Қазақстанымызды қорғауымыз керек», – деп атап өтті акция қонағы, Қосшы қаласы мәслихатының депутаты Ирина Осипова. Сондай-ақ қала тұрғындары үшін қоршаған ортаны тазарту үнемі алаңдаушылық туғызатынын атап өтті.