Танымал журналист Дина Төлепберген Instagram желісіндегі парақшасына видео жариялап, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа не себепті қарсы шыққанын түсіндірді.
"Менің ақиқатым...": Дина Төлепберген тұрмыстық зорлық-зомбылыққа неге қарсы екенін айтты
Фото: https://www.instagram.com/dina_tolepbergen/
1,097
оқылды

Танымал журналист Дина Төлепберген Instagram желісіндегі парақшасына видео жариялап, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа не себепті қарсы шыққанын түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Видеода Дина Төлепберген анасының бастан кешкен оқиғасын айтып берді. Ол қыз да, ұл да психикасы сау, өзін құрметтейтін, жеке шекарасын білетін адам болып қалыптасу үшін сау ортада өмір сүруі керек екенін айтты.

 "Осыдан 40 жыл бұрын болған оқиға. Шымкент қаласында тұратын жігіт жедел жәрдемде жұмыс істейтін жас дәрігерге ғашық болып, ұнатып қалады. Сөз салады, бірақ оның сезімі жауапсыз еді. Десе де, жігіт намыстанып, оны алып қашады. Неге екені түсініксіз, АХАЖ бөліміне қол ұстасып ақыры бармайды. Арада қыз дүниеге келеді.

Бір рет ұрғаннан кейін әйел бір жасқа толмаған қызын құшағына алып, "барар жері, басар тауы" болмаса да шаңырақтан кетіп қалады.  Көкірегі ояу, көзі ашық әйел сол кезде өзіне "қызымды сау ортада аяққа тұрғызамын" деп серт берген және ол сөзінде тұрды. Әлгі қыз – мен. Қазір анама деген алғысым шексіз", – дейді видеода журналист.

Дина Төлепберген видеоның астын жазбамен де толықтырды.

"Менің ақиқатым... Бұл туралы ешқашан айтпап едім. Бәлкім, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шығуымның басты себебі өз тарихымда жатқан шығар", – деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.