Видеоны TikTok желісіне rasaitam.kz есімді қолданушы жариялаған.
Желіде марқұм Салтанат Нүкенованың суретін кілемге бейнелеген суретшінің видеосы тарады
Фото: instagram.com/aitym
795
оқылды

Желіде марқұм Салтанат Нүкенованың суретін кілемге бейнелеген суретшінің видеосы тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Видеоны TikTok желісіне rasaitam.kz есімді қолданушы жариялаған. Бейнежазба желі қолданушыларының арасында кең танымалдылыққа ие болды. 22 мыңға жуық ұнату белгісі басылып, 1 000-нан астам пікір жазылған. 

"Қазақстандық суретші Салтанат Нүкенованың суретін кілемге салды", – деп жазылған.

Айта кетейік, әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға түрмеге қамалды. Ал оқиға орнында оның жанында болып, қылмысты жасыруға атсалысқан Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.