Борышкердің алимент төлеуден қасақана жалтаруына байланысты жүргізуші куәлігінің жарамдылығын тоқтата тұру туралы сотқа жолдама берілді.
Алимент төлеуден жалтарған ер адам "қайтыс болғанын" жария еткен
Фото: СЖҚА Павлодар обл. бойынша департаменті
643
оқылды

Алимент берешегі бар қазақстандық "қайтыс болғанын" мәлімдеген. Бұл туралы Қарағанды облысының жеке сот орындаушысы Саяхат Ахметжанов айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Борышкердің алимент төлеуден қасақана жалтаруына байланысты жүргізуші куәлігінің жарамдылығын тоқтата тұру туралы сотқа жолдама берілді.

"Сот құрған чатта борышкер анасының атынан қайтыс болғанын жаза бастағанда таңғалдық. Әрине, біз сұраныс жасадық және борышкердің тірі және сау екенін анықтадық (сонымен бірге оның психикалық жай-күйіне де өтініш жолдадық). Сонымен қатар  борышкер күн сайын TikTok желісінде түрлі контент жарялап отырды", – дейді сот орындаушысы.

Бір қызығы, тіпті тыңдау күні де борышкер қалалық зираттардың бірінде   "6-нөмірлі қабірде" жатқанын жазды.

"Мен АҚШ-та адам өзін басқа адам/болмыс/зат ретінде таныстыра алады деп естігенмін, бірақ Қазақстанда  мұндайды алғаш көруім. Борышкерлер өздеріне кедергі келтіретін тыйымға тап болғанда, әрқашан құқығына нұқсан келгені туралы айта бастайды. Енді мені мынадай сұрақ мазалайды: борышкер қарызды ерте ме, кеш пе өтейді және тыйымды алып тастауға келеді, мен өзін өлі деп таныған адамның құқығына нұқсан келтірмеймін бе, өйткені қайтыс болған адамға жүргізуші куәлігі беріле ме?"–  дейді Ахметжанов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.