Қазақстан Республикасындағы ірі газбен жабдықтаушы компания «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ атауын QAZAQGAZ AIMAQ АҚ деп өзгертті.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ребрендингтен кейін QAZAQGAZ AIMAQ  АҚ болып өзгертілді
Фото: ktga.kz
211
оқылды

Қазақстан Республикасындағы ірі газбен жабдықтаушы компания «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ атауын QAZAQGAZ AIMAQ  АҚ деп өзгертті. Компанияның логотипіне де өзгертулер енгізілді.  

Ребрендинг компанияның атауы мен логотипін өзгертуге ғана қатысты емес, бұл трансформация ішкі біраз бизнес процестерге әсер етеді.

Енді  QAZAQGAZ AIMAQ  АҚ газды тасымалдаудан бастап, оны түпкілікті тұтынушыға өткізуге дейінгі, сондай-ақ өзінің газ тарату желілері мен ондағы газ жабдықтарын дербес пайдалануға дейінгі өндірістің толық циклін өзіне қайтарды.

Бұл – жылыту маусымдарына дайындықты тиімді жүргізуге, түрлі оқиғалардың алдын алуға, технологиялық ақауларға жедел назар аударуға мүмкіндік береді.

 QAZAQGAZ AIMAQ  АҚ газ тарату жүйелерін пайдалану жұмыстарымен тікелей айналысатын 3 309 өндірістік маманды жұмысқа қосымша қабылдады. Бұл компанияның мәртебесін өсірумен қатар,  QAZAQGAZ AIMAQ  акционерлік қоғамына үлкен жауапкершілік жүктейді.

 QAZAQGAZ AIMAQ  компаниясы «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы және Қазақстанның ішкі нарығындағы газбен жабдықтаушы негізгі ұйымдардың бірі. Компания қызметінің негізгі бағыты –  өңірлердегі барлық тұтынушыларды табиғи газбен үздіксіз және апатсыз қамтамасыз ету.

 QAZAQGAZ AIMAQ  АҚ тұтынушыларды газбен жабдықтаудың қолжетімділігін, сенімділігін және қызмет көрсетудің сапасын арттыруға басымдық береді.  Бұған компания қызмет көрсету жылдамдығы мен жұмыстарды кәсіби орындау және тұтынушыға ерекше назар аудару есебінен қол жеткізді.

Бүгінде  QAZAQGAZ AIMAQ  АҚ өзінің өндірістік филиалдары арқылы барлық газдандырылған 14 облысқа және республикалық маңызы бар үш қалаға тауарлық газ жеткізеді, олар – Ақтөбе, Алматы, Атырау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан және Ұлытау облыстары, республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалалары.

Компания республиканың 12 миллионға жуық тұрғынын (2 миллион 400 мыңнан астам абонент) газбен қамтамасыз етеді, газ тұтынушы тұрғын саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 500 мыңдай адамға өскен. Тұтынушыға газ жеткізетін тарату желілерінің ұзындығы 69 мың шақырымнан асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 500 шақырымға артық.

Компания 69 мың шақырым газ құбырлары арқылы шамамен 12 миллион тұрғынды (2 400 мыңнан астам абонент) табиғи газбен қамтамасыз етеді.

Қуатты кадрлық әлеуеті, қазіргі заманғы инновациялық және ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілген жоғары материалдық-техникалық базасы бар  QAZAQGAZ AIMAQ  АҚ, газбен жабдықтау саласында қызметтер көрсету жөніндегі жетекші компания ретінде, болашақта табиғи газды жеткізу мен тасымалдаудың сенімділігін, газбен жабдықтау қызметтерінің жоғары сапасын саланы цифрландыру арқылы қамтамасыз етуге барын салады.  

Компания қызметін цифрландыру аясында газдандыруға қажетті Техникалық шарттар алуға өтінім беру  eGov.kz электронды  үкімет порталына шығарылды. Сондай-ақ  QAZAQGAZ AIMAQ АҚ объектіні газдандыру үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін лицензияланған компанияларды іздеуге арналған  Marketplace порталы іске қосты. 

Компанияның міндеті – адамдарға жылулық пен қуаныш сыйлау, елдің әл-ауқатын арттыруды дамытуға үлес қосу.

Анықтама үшін:

Компанияның құрылған күні – 2002 жылғы 15 сәуір, бұл күні “ҚазТрансГаз” АҚ шешімімен “ҚазТрансГаз Дистрибьюшн” ЖАҚ құрылды. 2005 жылы компания, оған “Өңірлік газ тасымалдау жүйесі” АҚ қосылғаннан кейін қайта құрылды, 2007 жылғы 25 қаңтарда “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ болып аталды.

2007 жылдың 11 маусымынан бастап компания өзінің өндірістік филиалдары арқылы газ тасымалдауға кірісті.

 QAZAQGAZ AIMAQ  АҚ жалғыз акционері – «QazaqGaz» ҰК» АҚ.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ портфельдік компаниясы болып саналады.

Логотипті QAZAQGAZ AIMAQ  АҚ дизайнерлері тобы қаржылық шығындарсыз әзірледі.