Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Президент Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагимді қарсы алды
329
оқылды

"Ақорда"  резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлады Ақорда.


Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы Қазақстан Президенті мен Малайзия премьер-министріне рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим келіссөз залына барды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.