Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Ерғалиев бұрынғы лауазымынан босап, Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақорда хабарлағандай, осы уақытқа дейін бұл қызметті атқарған Жанар Айтжан жұмысынан босаған.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Омаров Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Бұл қызметті атқарған Ақан Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.