Ләйлә Сұлтанқызының оқырмандары мен өнердегі әріптестері Қайрат Беркінбаевтың жақсы, жүзі жылы азамат болғанын жазып, басу айтты.
"555 күн өтті...": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне әсерлі жазба арнады
Фото: әлеуметтік желіден
3,908
оқылды

Қазақстандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевтың қайтыс болғалы 555 күн  өткенін айтып, желіде жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«555 күн өтті… Бүгін мерекелік кешкі ас ішіп, балалармен серуендеуіміз әбден мүмкін еді ғой. Жүректе сол бір «әттеген-ай». Қолдауың бізге жетпей жүр», – деп жазды ол.

Ләйлә Сұлтанқызының оқырмандары мен өнердегі әріптестері Қайрат Беркінбаевтың жақсы, жүзі жылы азамат болғанын жазып, басу айтты. 

«Қайрекеңнің жаны жәннатта шалқысын. Саған деген махаббатын сөзбен айтып жеткізе алмаймын… Нағыз азамат еді», «Қандай жақсы адам болғаны жүзінен көрініп тұр», «Алла сабыр берсін! Өшпейтін өкініш», «Күндер өте береді. Тірі адам тіршілігін жасайды. Ұлдарың, анашың, бауырларың аман болсын», – деп жазды желі қолданушылары.