Республика бойынша жел күшейеді.
Үсік, жаңбыр, найзағай: «Қазгидромет» 17 мамырға ауа райы болжамын жариялады
3,126
оқылды

«Қазгидромет» мамандары 17 мамыр, жұмаға арналған ауа райы болжамын жария етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оңтүстік циклоны және соған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсерін сақтайды. Салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Әсіресе оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болжанады.

Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, шығысы мен орталығында тұман түседі.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан Павлодар облыстарының солтүстік-шығысында, Павлодар, Абай облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Жетісу облысының шығысында жоғары өрт қаупі бар. 

Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.