Сотталушыға 3 жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
12 миллион теңге жымқырған: ШҚО-да коммуналдық кәсіпорын есепшісі сотталды
iStock
1,300
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 12 млн теңге жымқырған коммуналдық кәсіпорын есепшісі сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алтай аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, коммуналдық кәсіпорын қызметкері өзінің жеке банктік шоттарына бюджет қаражатын заңсыз аударып алған.

«Айыпталушы жергілікті коммуналдық кәсіпорындардың бірінде есепші болып жұмыс істеген. Өзінің қызметтік лауазымын асыра пайдаланған ол бірнеше жыл бойы мемлекеттік бюджет қаражатын жеке банктік шоттарына заңсыз аударып отырды. Осының салдарынан келтірілген шығын көлемі 12 264 882 теңгеге шыққан», – делінген ақпаратта.

Шоттағы ақша жетіспеушілігі анықталған соң іс сотқа жеткізілді. Сот шешімімен әйел ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталушыға 3 жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.