«Қазгидромет» РМК 18-20 мамырға ауа райы болжамын жариялады.
Жаңбыр, бұршақ, 23 градус жылы: 18-20 мамырға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: okg.kz
5,035
оқылды

«Қазгидромет» РМК 18-20 мамырға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оңтүстік циклонның әсерінен барлық аймақтарда дерлік найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Жауын-шашын күндіз ауа температурасының төмендеуіне ықпал етеді: солтүстік және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін, шығыс және оңтүстік облыстарда 15-23 градусқа дейін жылы болса, тек батыс облыстарда оңтүстік ағындар ықпалынан ауаның температурасы 15-23 градус Цельсийге дейін шамалы жоғарылайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.