Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында төтенше өрт қаупі сақталады, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Жаңбыр, бұршақ, өрт қаупі: 18 мамырға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: Pixabay
657
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 18 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оңтүстік циклоны және олармен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясының басым бөлігіне өз әсерін сақтайды: найзағаймен жаңбыр, батыста, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда еліміздің солтүстік-батысында солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, Жетісу облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі .

Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында төтенше өрт қаупі сақталады, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.