13 мамырда хостел қонақтары арасындағы төбелестен басталған жағдайдың соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты, – деп жазады Aikyn.kz.
Свердлов аудандық ішкі істер басқармасы хабарлағандай, Будённый көшесінде орналасқан шетелдіктер тұратын хостел маңында жаппай төбелес болған.
Шетелдіктер жергілікті тұрғындарды ұрып-соққан.
Оларға Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 280-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қазір Бішкек полициясының изоляторында қамауда отыр. Дегенмен 17 мамыр кешке қарай хостелдің жанына әлгі шетелдіктерден "кек алып, сазайын беруге" кей мәлімет бойынша 300-ге жуық жас жиналған.
Тез арада әлгі үш шетелдік видео арқылы қырғыз халқынан кешірім сұрады.
Қазір су атқышы бар ішкі әскерлер 7 сәуір-Шу көшелерінің қиылысында тұр. Олар 7 сәуір көшесін солтүстік бағытта қоршауға алған.
Олардың оңтүстік тұсына сол сағаттың өзінде 1 000-ға жуық адам жиналды.
Полиция тосқауыл қойып, тәртіпсіздіктің алдын алып жатыр.