Осыған байланысты туристік бағыттардың бірі жабылды.
ШҚО-да 1938 жылы салынған туристік көпір құлап қалды
silkadv.com, Александр Петров
626
оқылды

ШҚО кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, биыл Катонқарағай ұлттық саябағындағы Ақ Берел өзені арқылы өтетін ағаш көпір қар түсіміне төтеп бере алмай, құлап қалған, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

YK-news.kz сайтының жазуынша, көпір 1938 жылы салынған. Турфирма өкілдерінің дерегіне қарағанда, ол арқылы Мұзтаудың етегіндегі Көккөл базалық лагеріне дейін және кері қарай жаяу өткелдер жүргізілген. Енді көпір құлағаннан кейін оған жаяу жету мүмкін емес.

Ұлттық парктің директоры Жанболат Тыныбековтің айтуынша, су тек 15 шілдеге дейін төмендейді, содан кейін толық тексеру жүргізіледі.

– Осыдан кейін ғана жобалық-сметалық құжат жасау, қаражат бөлу және жөндеу туралы айтуға болады,  деп атап өтті ол.

Кәсіпкерлер табиғи парк өкілдерінен барлық маршруттардың қауіпсіздігін, өткелдерді тексеруді сұрады, себебі оны нығайту қажет деп есептейді.

Жанболат Тыныбеков қатысушыларды 10 маусымға дейін барлық жолдар ашық болатынына сендіреді.